Бұған дейінгі хабарымызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы 7 мың гектар жерді жалға алған 4 агрокәсіпорын төңірегіндегі жағдайды айтқан болатынбыз. БАҚ хабарлауынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі Үржар ауданында тексеріс жүргізген. Сол кезде шенеуніктер әкімдік 7 жыл бұрын Жер кодексінің 48-ші бабын бұзып, шаруаларға жер берді деп мәлімдеген. Іс сотқа жетеді. Бірақ Үржар аудандық әкімдіктегілер барлығы заң аясында берілгенін хабарлады. Осы мәселеге қатысты мәжілісмен Нұртай Сабильяновтан сұхбат алған едік. Депутаттың осыған қатысты пікірін тыңдайық.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
ШҚО
Үржар ауданындағы "Бәтуа" ЖШС жер мәселесі бұдан бірнеше жыл бұрын
көтерілген. Сол жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алған жер игерілмей, көп
жағдайда бос жатқан болатын. Сондықтан атқарушы орган оған бірнеше рет ескерту
жасады, заң талаптарына сай ол ескертулер орындалмады. Сондықтан оның жерін
мемлекетке қайтарып алу туралы талап-арыз сотқа берілді. Бұл жердегі ең басты
жұмыс істеп отырған құқық қорғау органдары және облыстың атқарушы органдары.
Жер игерілмесе, заңға сәйкес ол мемлекетке қайтарылады. Сондықтан, мен ойлаймын,
бұл жерде аудан әкімшілігі мен мен құқық қорғау органының талап-арызы дұрыс.