$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Жамбыл облысында жүкті әйелдерге көмек көрсететін барлық емдеу мекемелері тексеріліп жатыр

AstanaTV
29.04.2025ж. 20:00
66
Жамбыл облысында жүкті әйелдерге көмек көрсететін барлық емдеу мекемелері тексеріліп жатыр

Шудағы шулы жағдайдан соң Жамбыл облысында жүкті әйелдерге көмек көрсететін барлық емдеу мекемелері тексеріліп жатыр.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Жертөледен денесі табылған әйел босанған перзентхана бөлімшесі жабылды. Министрлік тарапынан құрылған арнайы комиссия тиісті жұмысын атқарып, анықтамалар берген.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бас дәрігер жұмыстан шеттетілді барлық фактілер анықталғанға дейін. Нақты қорытынды әлі шыққан жоқ. Бірақ барлық деңгейдегі медициналық қызметтердің жасалынған кемшіліктерге байланысты сараптама жасалды.