Түркістан облысында шіркей шыдатпай барады. Аймақтағы Отырар, Шардара аудандары мен Арыс қаласына қарасты бірнеше елдімекен тұрғындарынан күн жылығалы маза қашқан.
Әсіресе Сырдария өзені мен Көксарай су қоймасына жақын орналасқан ауылдарда тұрғындар сыртқа шығудан қалған. Күнұзаққа үйге қамалатын жұрт сырттағы шаруасын бітіру үшін тұмшаланып, тапқаны тор бас киімді тастамайтындарын айтады. тұрғындар облыс әкімінен мәселені тездетіп шешіп беруді сұрады.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Тек қана Отырар ауданы емес, облыс бойынша күрделі мәселе. Бұл бағыт бойынша биылғы жылы біз бюджеттен біз 1,5 млрд теңге қаржы бөлдік. Осы жұмыстарды атқару үшін. Мердігер анықталған. Қазір жұмысын бастап жатыр.