Батыс Қазақстан облысындағы шекара маңындағы ауылдарда 13 мектеп жабылуы мүмкін. Басты себеп – оқушы жетіспейді, мұғалімдер де тапшы. Бұл туралы AMANAT партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысында мәлім болды. Өңірде шекара маңындағы 72 ауылда 15 мыңға жуық оқушы оқитын 84 мектеп бар. Бірақ соңғы 3 жылда 12 бастауыш мектеп жабылыпты. Оқушылардың азаюына байланысты негізгі мектептер бастауышқа айналып, ықшамдалып жатыр. Партиялықтар шекараны бекем ұстау мемлекет мүддесі екенін ескертіп, бұған жол бермеудің амалын қарастырды. Яғни, бұл аумақтағы білім ордаларына арнайы бағдарлама жасақтап, түлектеріне қосымша грант бөлу керек. Жиын барысында тұрмысы төмен отбасы балаларын тегін тамақпен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылды.
АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
13 елдімекенде мектеп жабылу сатысында тұр. Бұл мәселе жабылмауы керек. Сондықтан бұл мәселені жоғары деңгейде көтеріп AMANAT партиясы қолға алатын болады.