Елімізде соңғы кездері құлақ аурумен ауыратындар көбейді. Басты себеп - құлаққап. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Бар ауру содан дейді, Күнделікті сіз бен біз қолданып жүрген құлаққап есту қабілетінен айырады екен.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Аааа құлағым ауырып кетті. Соңғы кездері осының кесірінен ба құлағым жиі ауырып, ауыр естіп жүрмін. Тіпті шыңылдап, шуылдайтын болды. Әйтпесе бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Енді не істесем екен?
Қазір екінің-бірі дәл мен секілді құлаққапсыз жүре алмайды. Желідегі бойжеткен үнемі вакуумды құлаққап таққаннан, құлығының ісініп, бітеліп қалғанын айтады. Абырой болғанда дәрігерге дер кезінде қаралыпты. Ал, кейбір жастар бұған мән бермейді. Түнімен ән тыңдап, күнімен құлақтан шешпей жүре береді.
БЛИЦ:
- Екі-үш жылдан бастап тағып жүрмін. Түнімен қосып тыңдай беремін музыканы. Таңда ұйқыдан тұрғанда ауырады иә.
- Қатты музыка тыңдасан көп мынау сол жағыннан бастап музыкаға реакция береді ғой дим. Қатты дыңылдап ауырып кетеді.
- Жалпы көп қолданамыз. Былайша басқа жерде шумный болмаса да керек.
Ал, мамандар құлаққапты күніне 3 сағаттан артық қолданбау керек дейді. Әйтпесе есту қабілетінен айырылып қалуың мүмкін. Айтуларынша, мұндай жағдай әсіресе жаздыкүні жиі кездесетін көрінеді. Дәрігерден көмек сұрайтындардың дені -15 пен 35 жас аралығындағылар.
ӘДІЛЕТ ЕРЛАНҰЛЫ, ЛОР ДӘРІГЕРІ:
Қыс бойы құлаққапты тағып-тағып құлағына құлықты жинап, одан кейін суға түсетін болса ол құлыққа су тиіп, құлақтағы жана бітеліп, ауырсыну одан кейін құлақтағы ісінуге алып келу мүмкін.Тағар кезінде оны мақтамен сүртіп, әдемілеп жақсылап таққан дұрыс.
Мамандар вакуумды емес, арнайы үлкен компьютерлік құлаққап қолдануға кеңес береді. Ал, ауырсынып сырт берсе, тексерістен өткен жөн дейді.