Енді таксилер ауа райы жаман күндері де бағаны қымбаттата алмайды. Қар жауып, жаңбыр құйып кетсе де құнын шарықтатуға құқығы жоқ. Соңғы кездері жүргізушілерге қатысты шағым көбейіп кетіп еді. Құзырлы орган мекемелерге аудит жүргізді. Таксилерге қандай талап қойылды? Толығырақ Аружан Задабек «Өзекті» айдарында айтайды.
Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз.
Таксилерге қатысты шағым соңғы кездері көбейіп кетті. Баға тым қымбат. Ойына келген теңгені сұрай салады деген пікір басым. Жаңбыр жауса, тіпті, аспандағы айды қалайды. Мұндайда нұр жауған күні бензин бағасы өсіп кете ма екен деп ойлап қаласың. Төтенше жағдай кезіндегі өзгерісті еске түсірсек, ұялып кетемін. Ит шаптырым жерге 30-40 мың деген жүргізушілерді ұмыту әлі оңай болмай тұр. «Өзім білдімге» салатындардың дәуірі бітті. Жұрт шағымы жауаптылардың да құлағына жеткен екен. Тексеріс жүргізді. Бірнеше талап қойылды. Бұдан былай таксилер ауа райы қандай болса да көп теңге талап ете алмайды.
БЛИЦ:
- Алматыда 30 мың болып еді жер сілкінгенде.
- Дұрыс айтасыз! Жол ақысы қымбат. Қарапайым халықты қысып жатыр. Енді билік қайда қарап отыр?
- Дүкенге барсаң бәрі қымбат. Таксистікі өлместің күні.
Елімізде бір оқушыға күніне 840 теңге, ал итке 5 мың теңге бөлінеді. Қаржының айырмасын байқап тұрған боларсыз?. Жануарға келгенде жанымыз шығып, қоярға жер таппаймыз. Ал, қауіпсіздік мәселесіне бас қатырған адам аз. Мәселен, былтыр құтырма ауруымен 50 мыңға жуық адам ауырды. Оның басым бөлігін ит қауып алған. Төртаяқтылар тістегендердің дені әлі кәмелетке толмаған балалар. Осыдан кейін бір топ азамат бұралқы балдырғаннан артық емес деп, бәрін қырып тастауды ұсынып жатыр. Ал жануар қорғайтын ұйымдар бұған түбегейлі қарсы. Кімдікі дұрыс?
БЛИЦ:
- Иттерін байламайды. Зорға өтеміз. Үлкен штраф салу керек. 100 мың!
- Оны шешетін түгі де жоқ. Атып тастау керек. Жинап, бағуға ақша бөлінді. Бірақ оны істеп жатқан ешкім жоқ.
- Иттерді ату керек. Көшеде босап жүр. Сабаққа бара алмайды. Көшеде жылап тұрады балалар.
Құрметті көрермен, бүгінге осы! Сау болыңыздар!