Елордада «Соғыс жаңғырығы: 80 жыл өткен соң» кітабының тұсаукесері өтті. Шығарманың авторы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор - Өрік Иманғожина. Баспа тарихтан сыр шертеді. Онда 67 майдангердің өмір жолы мен ерлігі баяндалады. Әр хикаяттағы Отанға деген қалтқысыз махаббат, жауынгерлердің отбасына деген сағынышы қалың оқырманның жүрегінен терең орын алса екен дейді - автор.
ӨРІК ИМАНҒОЖИНА, КІТАП АВТОРЫ:
Бәрі қиыншылық көрген, ашаршылық көрген.Енді соғысты көрген кісі ол өмірді көрген кісі деп айтуға болады. Неге десең кез-келген кісі соғысқа қатысып керемет подвигтер жасай алмайды.