$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Қызылжарлық жастар Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеуге құштарлық танытып жатыр

29.04.2025ж. 20:00
65
Қызылжарлық жастар Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеуге құштарлық танытып жатыр

Қызылжарлық жастар Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеуге құштарлық танытып жатыр.  Студентер тіпті әр батырдың ерлігін жіті-жіті зерттеп, әр оқиғаны егжей-тегжейлі оқып жатқандарын айтады. Ата-бабалардың игі ісін ұмытпау үшін жеңіс күніне ерекше құрмет көрсетілуі тиіс деп санайды. Жалпы, сұрапыл соғысқа Солтүстік Қазақстан облысынан 90 мың жауынгер аттанған. Олардың көбі Берлинге дейін жетіп, жеңіс туын тігуге атсалысқан. Өткен ғасырдың 40-жылдары теріскейде 20 ірі зауыт жұмыс істеп, қан майданды қару-жарақ, киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.

БЛИЦ:

- Біздің ата-бабаларымыз осы соғыста күресіп, өз өмірлерінен айырылды. Солардың арқасында біз бейбітшілік заманда өмір сүріп келеміз.
- Қазақстанның Ұлы Отан соғысына деген үлесі зор болды. Бізде танк, ракета, оқ шығаратын зауыттар болды. Ал Петропавлдың ет комбинаты майданға консервіленген тамақ жіберіп отырды.
-Қазақстанда ҚСРО-ның батыры атағын бір емес, екі мәрте алған азаматтар бар. Олар Талғат Бегілдинов пен Леонид Беда есімді ұшқыштар. Соңғысы 200 рет көкке көтерілсе, Талғат атамыздың көрсеткіші 300ден асып жығылады.