Атырауда республикалық жұмысшы жастар форумы аясында ТЕДх форматында “Іскер Таlks” интелектуалды конференциясы өтті. Еліміздің 13 аймағынан келген 200-ден астам жас жаңа мүмкіндіктер туралы, жетістікке жету жолындағы лайфкахтармен танысты. Форумға қатысушылар үш топқа бөлінген: жұмысшы жастар, жастар кеңес мүшелері және жұмысшы мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттер. Оларға елімізде танымал спикерлер мемлекеттік қолдау, кәсіптік білімнің мүмкіндіктері, еңбек нарығының талаптары, қаржылық сауаттылық, заманауи дағдылар, жұмысшы жастардың азаматтық белсенділігі туралы айтты. Екі күн бойы жаңа таныстық пен білім жиған жастар өз кәсібі бойынша сауал қойып, шешу жолдарын бірге талқылады.
НҰРБЕК НҰРСЕЙІТОВ, КӘСІПКЕР, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНЫ:
Жер жоқ бәрі қазір мал шаруашылығына береді да, көбіне балық балық шаруашылығына қарасты проблемалар. Өзімнің проблемаларым, біріншіден жер мәселесі, жер мәселенін қарастырамыз деп уәде берді. Екінші мәселе су мәселесі, Батыс Қазақстан облысындағы су мәселесін Қазсушармен бірлесе отырып жұмыс істеуімізді соны шешіп беруі айтылды.
АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТҰЛЫ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл бүгінгі форум оқыту курстарымен шектелмеді, оның ішінде әрүрлі шаралар бар, осының нәтижесінде жұмысшы жастар аллеясын ашуы жоспарлап отыр.