Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті "Француз кварталы" тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен, оқиғадан кейін әйелдің пәтерінен құнды заттары ұрланған. Қазір оқиға орнында жедел теруге тобы жұмыс істеп жатыр.
Ақпаратты жергілікті полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.