1 мамырдан бастап «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Дархан Иманашевтіңсөзінше, жоба республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеруге бағытталған. Осылайша, еліміздің әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға қатыса алады.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етпек, - деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Нысандарды аралау кестесін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтынан көруге болады.