Павлодар қаласындағы тұрғын үй кешенінен алапат өрт шығып, 162 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Торайғыров көшесінде орналасқан тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің төрт балконы қызыл жалынға оранды.
ТЖМ күштерімен өрт 34 минутта сөндірілді.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт түскен сәттен бастап 34 минут ішінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.
ТЖМ күштері 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.