Тәжікстан астанасы Душанбеде 2-4 мамыр аралығында өтетін Grand Slam жарысына қатысатын қазақ спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Душанбеде ел намысын қорғайтын дзюдошылар:
Абиба Абужақынова (-48 кг);
Алдияр Қарғұлов (-60 кг);
Нұрмұхамет Ботабай (-66 кг);
Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг);
Ықылас Әлсейіт (-73 кг);
Досхан Жолжақынов (-81 кг);
Ермұхан Естай (-100 кг);
Мұхаммедәли Мавлидов (-100 кг).
Айта кетейік, қазақ дзюдошылары жақында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында төрт қола жүлде еншіледі.
Олар: Шерзод Давлатов (-60 кг), Ғалия Тынбаева (-48 кг), Бақыт Құсақбаева (-57 кг) және Мейірлан Максим (-90 кг).