$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Дәрігер шетелге саяхаттайтын қазақстандықтарға ескерту жасады

AstanaTV
30.04.2025ж. 13:08
155
Дәрігер шетелге саяхаттайтын қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева шетелге саяхаттағысы келетін тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, эндемиялық аймақтарға барар алдында неліктен вакцинация қабылдау маңызды.

Жақсы саяхаттың кілті — саяхатқа сауатты дайындалу. Заттарды жинау, билеттерді сатып алу және қонақүйді дайындау – ескерілетін жағдайлардың біреуі ғана.

Жұқпалы аурулар көптеп тіркелген аумақтарға барарда туристерге - саяхатта өмірді сақтайтын вакциналар алуға кеңес беріледі. Ыстық климаты бар көптеген елдерде - су, тамақ және лас қолдар арқылы инфекция тез жұғуы мүмкін. Басқа елдерде ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар жиі кездесетін болса, кейбір елдерде масалардың белгілі бір түрінің шағуы арқылы инфекциялар таралады. Бұл жағдайда оңтайлы нұсқа - қажетті вакцинацияларды қабылдау. Вакцинациядан кейін иммунитетті қалыптастыру үшін 2-4 апта қажет болатынын ескертеміз. Кейбір вакцинациялар бірнеше инъекциялардан тұратын болғандықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саяхатшыларға сапардан 4-8 апта бұрын вакцинациялауды ұсынады, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Отандастарымыз тікелей барып дем ала алатын елдердің саны жыл сайын артып келеді.

Африка мен Оңтүстік Американың бірқатар мемлекеттері (Габон, Конго, Камерун, Нигерия, Чад, Оңтүстік Судан, Боливия, Бразилия, Гайана, Колумбия, Перу және т.б.) елге кірген кезде сары безгекке қарсы вакцинация туралы халықаралық үлгідегі егу сертификатын көрсетуді талап етеді.

Осы инфекцияға қарсы егу — міндетті. Сары безгек ауруы қауіпті және емделмейді, тропикалық және субтропикалық елдерде жиі кездеседі, адамға масалардың шағуы арқылы беріледі.

Орталық Африкада, Оңтүстік Америкада менингококк инфекциясы таралған және көбінесе өлімге әкеледі. Сауд Арабиясы сияқты кейбір елдер кірген кезде менингококк инфекциясына қарсы егу туралы сертификатты талап етеді, - деп ескертті дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер антисанитарияға байланысты таралатын тағы бір инфекция — іш сүзегі деп отыр. Эпидемия көбінесе Африка елдерінде, Оңтүстік Америкада, Азияда тіркеледі. Бұл мемлекеттерге ұшатын адамдар қауіпсіздігі үшін сапарға шығардан 10-14 күн бұрын вакцинация алғандары дұрыс.

Кене энцефалитін Қазақстанның кейбір ауиақтарында, Ресейдің, Еуропаның және т.б. елдердің көптеген аймақтарында жұқтыруға болады. Ол мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін өте ауыр ауру. Вакцинация кене энцефалитіне эндемикалық аумақта демалуға баруды жоспарлап отырған адамдарға ұсынылады. Өзіңізді қорғау үшін екпелерді бір-жеті ай аралықпен жасау керек, бірақ аралықты екі аптаға дейін қысқартуға болады.

Есіңізде болсын, егер сіз вакцинация алған болсаңыз, басқа қорғаныс шаралары туралы ұмытпауыңыз керек. Сіз энцефалиттен қорғалғансыз, бірақ кенелер басқа да ауыр ауруларды жұқтыруы мүмкін. Сондықтан кенелердің шағуынан мүмкіндігіңізше қорғануыңыз қажет. 

Туристерге вакцинациядан басқа, аурудың ықтималдығын төмендететін бірқатар сақтық шараларын қолдануды ұсынамыз. Ең бастысы, ешкім сізге және жақындарыңызға өзіңіздей жақсы қамқорлық жасай алмайтынын есте ұстаған жөн, - деді Жанна Пірәлиева.