$512.32 €582.92 ₽6.29
×

"Құдағи болып жатырмын": Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтып қойды

AstanaTV
30.04.2025ж. 14:25
80
"Құдағи болып жатырмын": Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтып қойды
Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың үлкен тойы қашан өтетінін айтып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ халқының сүйікті әншісі қызының ұзату тойынан келе сала Астанадағы концертке дайындалып жатқанын айтты. Жанар Айжанова Алматыда үлкен концерт өткізгенін, ал, 30 сәуір күні Астанада да сондай спектакль-концерт жоспарлап отыр. Жүргізушілер Жанар Айжанова басқа өңірлерге қашан гастроль өткізетінін нақтылады.

"Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз", – деді Айжанова.

Еске салайық, өнер иесінің қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекованың ұзату көйлегі қызу талқыға түскен еді.

“Алдымен эскизін жасадық. Бірден айтайын, идеяны Айжұлдыздың өзі ұсынды. Алғашқы өлшеп көруден кейін барлық детальды ескере отырып, тігуді бастадық. Сызылған жұлдыздардың үстіне тігін машинасымен жүргізіп шықтық. Одан кейін тастармен көмкеріп, безендірдік. Міне, осындай шығармашылыққа толы той көйлегі дайын болды”, – деп жазған еді дизайнер.