Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған мүлік пен қаражаттың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің мәліметіне сенсек, заңсыз жолмен алынуы мүмкін деген күдікпен 5 миллиард теңгеден астам қаражат пен бағалы заттар мемлекетке өтті.
"Активтерді қайтару жөніндегі комитетпен бірлесіп жүргізілген жұмыстардан кейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын ақша қаражаттары, зергерлік бұйымдар мен сән-салтанат заттары қайтарылды. Тергеу әрекеттері мен жиналған материалдарға жүргізілген талдау бұл активтердің сатып алыну және пайда болу көздерінің заңдылығына қатысты негізді күмән туғызғанын, сондай-ақ олардың құнының азаматтың ресми табыстары мен өзге де заңды кірістеріне сәйкес келмейтінін көрсетті", – деді ведомство өкілі Данияр Бигайдаров.