Зиратқа барып жан тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында туысқандарының бейітін тазалауға барған 69 жастағы зейнеткердің үстіне ағаш құлаған. Шіріп тұрған ағаш дүлей дауылға шыдас бермеген көрінеді. Кеуана аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жәбірленушінің бас миі жарақаттанғанын анықтады. Ақхалаттылар жүрек-өкпе реанимациясының барлық амалдарын жасағанымен, ол нәтиже бермеді. Науқас ауыр жарақаттан дүние салды. Қазір полицейлер барлық мән-жайды тексеріп жатыр.
СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Бұл факті сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР қылмыстық кодексінің 001-бабы, яғни “адам өлімі” бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары қолға алынды. Іс толық зерттеліп болғасын барлық ақпарат жария етілмек.