Атырауда элиталы үйде 46 жастағы әйелді аса қатыгездікпен өлтіріп кетті. Қанды оқиға “Француз кварталы” тұрғын үй кешенінде болды. Марқұмның мәйіті өз үйінде табылған. Қазір қылмыс болған пәтерді полиция мөрлеп кеткен. Тұрғындар қайғылы оқиға туралы тіс жарғысы келмейді. Дегенмен кейбіреулер қылмыскер осы үйлерде сантехник боп қызмет етті дегенді айтады. Ол үйді тонап, бағалы заттарды үптеп кеткен. Ізін суытып үлгерген 38 жастағы күдікті ұсталды. Одан айғақты заттар тәркіленді,- дейді полицейлер. Айта кетейік, марқұм аймақтағы ірі мұнай-газ компаниясында ұзақ жылдар қызмет еткен. Игеруді жоспарлау бөлімінің басшысы кәсіби біліктілігі жоғары, ісіне адал, жетекші маман еді,- дейді әріптестері.
РУСЛАН АЛМАХАНОВ, КӨРШІСІ:
Қатты қорқып кеттік. Есігімізді кітттемейтін едік, кілттеп отыратын болдық қазір. Шок жағдайда болдық әлде де. Бүгін енді тынышталды. Бүгін енді қылмыскер үсталды деп жатыр. Қайтыс боған келіншекті де, қылмыскерді де танымаймыз. Бізге енді қорқынышты болды.
ҚҰТТЫБАЙ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1979 жылы туылған әйел адамды тұрғын үйде өлтірген 1987 жылғы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіде заттай айғақтар табылып,тәркіленген. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы ІІ-бөілігі, яғни адам өлтіру дерегімен қылмысты іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.