«Астана Банкінің» бұрынғы акционері Олжас Тоқтаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот шешімімен Банктің қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Тоқтаровтан жалпы сомасы 14 млрд теңгеден асатын тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік объектілер, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлік тәркіленді. Айта кету керек, соңғы үш жылда мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 трлн 130 млрд теңгеден астам актив қайтарылған.
ДАНИЯР БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Тоқтаровтың қарамағындағылар «Астана Банкі» АҚ филиалының, бөлімінің бұрынғы басшылары, менеджерлері кінәлі деп танылды. Қылмыстық қудалау органымен және сотпен ынтымақтастықты, мойындау және құқыққа қайшы әрекеттерді ашуға жәрдемдесуді ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады.