"Салық кодексі кең ауқымда және ашық талқыланды". Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Бүгін депутаттар жаңа Салық кодексін қабылдады. Алғашында Үкімет ұсынған 20 пайыздық мөлшерлеме 16 процентке дейін төменеді. Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеудің шегі - 40 миллион теңге. Енді медицинаға қатысты кей тауарлар мен қызметтер құн салығын төлеуден босатылады. Сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдар да мемлекетке ақы бермеуі мүмкін. Ал ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы 25 пайызға дейін көбейтілді. Энергетикалық сусындарға акциз бар.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысы әділ, ашық және болжамды салық заңнамасын қабылдау жөнінде алдымызға нақты міндет қойған болатын. Ол бизнес пен азаматтардың қаржылық міндеттемелерін реттейтін жай ғана ережелер жиынтығы емес. Жаңа экономикалық саясат жағдайында бұл Салық кодексін – әділдік пен ашықтық кодексі деуге болады. Сондықтан біз қабылданған Кодексте осы процеске қатысушылардың барлығының мүдделерін теңдей сақтауға тырыстық. Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтың бәрі Салық кодексінің жаңа редакциясынан көрініс тапты.