$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Астанада салық форумы өтті

Астанада салық форумы өтті

Астанада ірі Салық форумы өтті. Басқосуда мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерімен еліміздің жетекші сарапшылары реформаның негізгі мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлер мен сарапшылар  өзгерістер кешенді әрі сараланған түрде жүргізілуі тиіс деп пікір білдірді.   

Астанада ірі  салық форумы өтті.  Ашық диалог форматында өткен іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1100 адам офлайн қатысты.  Тағы екі мыңнан астам адам онлайн қосылды. Форумда қазақстандық кәсіпкерлер мен сарапшылар салық реформасының негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда қосымша құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеру және тіркеу шегін төмендету, арнайы салық режимі бойынша тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі. Сондай-ақ, банктердің  корпоративтік табыс салығын 20%-дан 25%-ға дейін көтеру және банктік операцияларға қосымша құн салығын енгізу. Соңғысы дамыған елдерде жоқ тәжірибе.

ЕКАТЕРИНА КИМ, «НАЛОГИ КАЗАХСТАНА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, САЛЫҚ САРАПШЫСЫ:

Банктерге салықты бір мезетте бірнеше бағытта көтеріп жатыр, бұл қате, себебі  түпкілікті тұтынушыға тікелей әсер етеді. Комиссия өседі, ал кәсіпкер тауар мен қызмет бағасын көтеруге мәжбүр болады. Соңында зардап шегетін – тұтынушы. Бұл – біз үшін өте өзекті мәселе.


Кәсіпкерлер сондай-ақ B2B қағидаты бойынша жұмыс істеуге шектеу қою мәселесін талқылауды ұсынды. Яғни, енді арнайы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлермен серіктестік бизнеске тиімсіз болады. Себебі, олар шығындарын шегере алмайды. Сондықтан «жеңілдетілген» режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлер клиент жоғалтпас үшін жалпы салық режиміне өтуге тырысады. Бұл өз кезегінде тауар мен өнім бағасына, қызметке қосымша құн салығының қосылуына және оның салдарынан бағаның өсуіне әкеледі.

ЖАННА МУРЗАГУЛОВА, КӘСІПКЕР:

Біз Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне B2B мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Біздің тапсырыс берушілеріміз жалпы режимде болады да, біздің қызметімізден қосымша құн салығыншегере алмайды. Бұл жағдайда бизнес зардап шегеді, шығынбөлігіналаалмайды. Оларғабізүшінқосымша құн салығы менкорпоративтік табыс салығын төлеу тиімсіз болады.


Форумға қатысушылардың барлығы көлеңкелі экономикамен күресу және бюджеттің тапшылығын қысқарту қажет екенін айтады. Осы бағытта сарапшылар салық реформасына кешенді және салмақты түрде қарауды ұсынды. Себебі асығыс қабылданған шешімдер ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Айта кетейік, Салық кодексінің жобасы бүгін Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды. Президент қол қойса жаңа өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін.