$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Елордадағы «Астаналық» базарында құқықтық көмек күні өтті

30.04.2025ж. 20:00
155
Елордадағы «Астаналық» базарында құқықтық көмек күні өтті

Елордадағы «Астаналық» жабық базарында құқықтық көмек күні өтті.  Оны «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Шара «Құқықтық көмек» және «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалары аясында өтті. Ашық есік күнінде 50-ге тарта адам түрлі мәселе бойынша бағыт-бағдар алды. Оның ішінде сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне байланысты.  

МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:


Қала тұрғындарын толғандырған мәселелер, жеке басына қатысты әлеуметтік сұрақтарға осы сауда орындарын әсіресе адамдар көп шоғырланған орталарға келіп түсіндірме жұмыстары, сондай-ақ, қандайда бір сұрақтың шешілуіне ықпал ету арқау болу бір себепші болу ниетіміз болды.