$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Астанада соғыс ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Астанада соғыс ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Астанада соғыс ардагері Нашарбек Шамшановтың құрметіне қойылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен батырдың ұрпақтары қатысты. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға қала әкімдігі қолдау білдірді.

Нашарбек Шамшанов 1920 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 19 жасында әскерге аттанып, отан алдындағы борышын өтеп жүргенде соғыс басталады.  

САНСЫЗБАЙ ЕСІЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы еліміздің бір үлкен азаматы еді ақсақал. Сол есінде сақтайық елдің деп, ақмолалықтардың деп сосын жастар көріп жүрсін бұл үйді деп сондай ардагер тұрған екенін.  


Майдан даласынан 7 жылдан кейін елге оралған жауынгер отбасын құрып, 5 ұл, 8 қыз тәрбиелеген. Соғыстан кейін ұзақ жылдар теміржол саласында қызмет еткен ардагер 55 жасында зейнетке шыққан. Ол еліміздің алғашқы тың игерушілерінің бірі атанған.  

МАРАТ ШАМШАНОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰЛЫ:

Ол кісі Украинада болған, өзі айтады. Кенигсбергте болған. Кенигсбергті алған үшін значогы, медалі бар. 9 медальді поровозда істеген ДЕПО жағында, соғыстыкі емес, поровозда істеген дипломдарын барлығын музейге тапсырдық. Теміржол музейіне тапсырып, әкемнің құжаттар қорында тұр.  


Отан үшін отқа түскен майдангерлердің есімі ел есінде мәңгі қалады. Соғыс ардагерлерінің ерлігін дәріптеу мақсатында мұндай құрмет өз жалғасын таба бермек.