Балаларға ұлттық тәрбие беру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Алматыдағы №165 бөбекжай-балабақшасында ерекше форматтағы шара өтті. Ұйымдастырушылар ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді үшке бөлінген қазақ үй алаңында көрсетіп, әр ауылдың өзіндік ерекшелігін танытты. Ән-жырмен көмкерілген думанды іс-шарада қазақ халқының бай мәдениеті кеңінен насихатталды. Балабақша меңгерушісінің айтуынша, мұндай тәрбиелік шаралар арқылы балалар халқымыздың тарихына қанығады, ұлттық мұраға деген құрметті бойына сіңіреді.
БАНУ БАЙСҰЛТАНОВА, №165 БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Әкелер мектебі өздерінің шеберханасында жұмыс істеп жатыр. Екінші қазақ үйде қазақ аналар мектебі жұмыс істеп жатыр. Өздері қолөнер бұйымдары, киіз басу жүн түту, ұршық иіру деген сияқты, құрт жасау деген сияқты әртүрлі жаңағы ұлттық құндылықтарымызды балаларымызбен бірге көрсетіп жатыр.