Астанада балалардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Олар -"Шаттық-2025" шығармашылық байқауының жеңімпаздары. Жалпы 1 ай бойы өткен жарысқа елордадан 10 мыңнан аса оқушы қатысқан.
Бұл байқауда нағыз таланттылар сыналып, үздіктер анықталды. Солардың бірі -Әбілмансұр Смайл. Ол-10 жаста. Жарыста дәстүрлі ән айтып, өнерімен қазылардың ғана емес, көрерменнің де көңілінен шықты.
ӘБІЛМАНСҰР СМАЙЛ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:
Мен осы Молдабай әнің айтуға Шаттыққа қатыстып көрдім. Одан мен жүлделі орын алдым. Енді бүгін осы үлкен концерт залында Молдабайдың әнің шырқайтын боламын.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға елордадағы 146 білім ошағынан 10 мыңнан аса оқушы қатысқан. Олар 3 номинация бойынша 18 жанрда сынға түсті. Басты мақсат- балалар арасындағы патриотизм мен ұлттық дәстүрлерді жаңғырту дейді.
ГҮЛФАРА САРАМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Әр жылы балалардың саны көбейіп жатыр осы шаттыққа қатысатын. Енді өте жақсы айтты, кім өзің жақсы көрсеткені үшін осы гала-концертке оған сыйлық бойынша біздерде қатысып жатыр.
Биыл байқау 18 -рет өткізілуде. Жыл сайын қатысушылардың да саны артып келеді. Айта кетейік, жарыстың өтуіне қалалық білім басқармасы мұрындық боп отыр.