"Қаражорға"- бірлік биі. Қостанайда жүзден астам студент ерекше флешмоб ұйымдастырды.
Ахаң университетінің алдына жиналған жастар «Қара Жорға» биін биледі.Бірлікке бастайтын игі бастамаға түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері атсалысты. Олар өз ұлттық киімін киіп, қазақ биін орындады. Мереке қарсаңында қауышқан мерейлі жастар, бір-біріне жақсы тілек айтысып, жайдарлы көңілмен тарқасты.