$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Сауль Альвареске Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізу ұсынылды

AstanaTV
01.05.2025ж. 08:54
63
Сауль Альвареске Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізу ұсынылды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (62-2-2, 39 КО) жанкүйерлері оның келесі қарсыластарының тізімін жариялады. Фанаттардың көбі Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) төртінші жекпе-жекті көргісі келетінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 4 мамырға қараған түні Сауль Альварес кезекті жекпе-жегін өткізіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласады. Оның қарсыласы – IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл (23-0, 9 KO). Алайда, мексикалықтың фанаттары оның мықтырақ боксшылармен жұдырықтасқанын талап етіп отыр, деп жазады 1bol.kz.

"Жанкүйерлер Канелоның Дэвид Бенавидеспен, Дмитрий Биволмен немесе Геннадий Головкинмен жұдырықтасуын қалап отыр. Бірақ, Сауль Альварес бұлардың ешбірін таңдамай, кубалықпен жұдырықтасуды жөн көрген", делінген bolavip.com сайтында.