Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері пәтерді өртеп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды аман алып қалды.
Алматыда "Буран-242" патрульдік полициясының экипажы өз-өзіне қол жұмсамақ болған жас келіншекті құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды. Оқиға бір күн бұрын сағат 20:30 шамасында болды. "102" қызметіне тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде бойжеткен қамалып, өрт жасауға әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Куәгерлердің айтуынша, әйел өте тұрақсыз эмоционалды күйде болған және өзіне, басқаларға зиян келтіруі мүмкін еді. Оқиға орнына дереу "Буран-242" патрульдік полициясының экипажы жетті. Бойжеткен отырған пәтер екінші қабатта болған.
Есікті ешкім ашпады, ал кіреберісте күйік иісі сезілді. Полиция дереу әрекет етуді ұйғарды. Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі көрші пәтер арқылы балконға кіріп, сол жерден үй-жайдың ішіне кірген. Қыз бала жуынатын бөлмеде ес-түссіз жатқан.
Залдың ортасында еденде шүберектер мен маталар жанып жатты. Полицейлер жәбірленушіні тез арада таза ауаға шығарып, келген дәрігерлерге тапсырды. Олардың шешуші әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алып, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды.