$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Skype 5 мамырдан бастап жұмысын тоқтатады

AstanaTV
02.05.2025ж. 11:57
133
Skype 5 мамырдан бастап жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы аты аңызға айналған Skype қызметін ресми түрде жапқалы жатыр. 2025 жылы 5 мамырдан бастап ол жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания қолданушыларға парақша және оған байланысты ақпарат жойылмайтын нұсқа ұсынды.

Олар компанияның басқа платформасына, яғни Microsoft Teams-қа ауыса алады. Бұл қызметке тиісті ақпаратты экспорттауға болады.

Microsoft мәліметінше, Skype мүмкіндіктерінің көпшілігі жаңа платформада қолжетімді, қоңырау шалу, хабарлама жіберу, файлдарды бөлісу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Teams мынадай артықшылықтар ұсынады: күнтізбе, бейнекездесулер және т.б.

Skype-тың құлдырау себептерінің бірі Zoom, Discord, WhatsApp және Microsoft Teams-тің бәсекелестігі болған.