$523.46 €600.04 ₽6.69
×

БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады

AstanaTV
02.05.2025ж. 15:00
351
БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады

Өйткені, ұйымда қаржы жоқ. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әдетте Ұйымның бітімгерлік операциялары үшін бюджеті бөлек қарастырылады. Бірақ биыл қажетті қаржы қоры жиналмаған. Оған басты донор – АҚШ-тың тиісті жарнаны аудармай отыр. Сөйтіп, қызметкерлердің жалақысын төлеуде қиындықтар туындап жатыр. Бұған Швейцарияда жүздеген адам қарсы шығып, наразылық білдірді. Енді ұйымның халықаралық көші-қон агенттігі таратылуы мүмкін. Ал ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты ірі агенттіктер бір гуманитарлық органға біріктірілуі мүмкін.