$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Димаш Құдайбергеннің концертіне жалған билеттер сатылып жатыр

AstanaTV
02.05.2025ж. 15:42
107
Димаш Құдайбергеннің концертіне жалған билеттер сатылып жатыр

Димаш Құдайбергеннің концертіне жалған билеттер сатылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Dimash.news мәліметінше, әншінің Лондон мен Ригадағы концерттеріне жалған билеттерді сататын алаяқтар жасаған сайт пайда болған.

Билеттерді тек билет операторының mticket.com ресми сайтынан сатып алуға болады.

«Барлық басқа платформалар арқылы алынған билеттер ресми емес және концертке жарамсыз болып саналады», - делінген хабарламада.