Жуырда әйгілі Goal басылымы 2025 жылғы «Алтын доп» (Ballon d’Or) жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа маусымның басты фавориттері арасында көпшілік күтпеген есімдер де бар.
ТОП-10: 2025 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер
Усман Дембеле – ПСЖ (Франция)
Ламин Ямаль – Барселона (Испания)
Рафинья – Барселона (Испания)
Педри – Барселона (Испания)
Мұхамед Салах – Ливерпуль (Англия)
Роберт Левандовски – Барселона (Испания)
Джанлуиджи Доннарумма – ПСЖ (Франция)
Харри Кейн – Бавария (Германия)
Килиан Мбаппе – Реал Мадрид (Испания)
Нуну Мендеш – ПСЖ (Франция)
Барселона мен ПСЖ — көш басында
Тізімде "Барселона" клубының төрт бірдей ойыншысы (Ямаль, Рафинья, Педри, Левандовски) бар. Ал ПСЖ үш футболшымен (Дембеле, Доннарумма, Мендеш) еніп отыр. Бұл қос клубтың қазіргі еуропалық футболдағы ықпалын көрсетеді.
2024 жылғы нәтижелер еске салсақ:
Жеңімпаз – Родри (Манчестер Сити, Испания құрамасы)
2-орын – Винисиус Жуниор (Реал Мадрид)
3-орын – Джуд Беллингем
Айта кетейік, былтырғы марапаттау рәсімі 28 қазанда Парижде өткен болатын.