$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Оралда ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды

AstanaTV
02.05.2025ж. 20:00
140
Оралда ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды

Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған оның денесінің 95% күйіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға көпқабатты үйдің ауласында болыпты. 3 кластың оқушысы қосалқы электр стансасының төбесіндегі сымға қыстырылып қалған допты алмақ болған. Ғимараттың төбесінен түсем дегенде токқа соғылыпты. Тірілей өртенген жеткіншекті өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі жерге түсіріп алған. Дәрігерлер Әнуарға шұғыл операция жасап, бір аяқ, бір қолын кессе де, ажалға ара тұра алмады. Жазатайым жазым болған жеткіншектің ата-анасы ұлының ажалына себеп болғандарды сұраусыз қалдырмаймыз дейді. 3 класс оқушысы Әнуарды туғандары ертең жер қойнына тапсырады. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, сараптама жүргізуге кіріскен.

ТҰРСЫНГҮЛ БИСЕКЕНОВА, АНАСЫ:

Бүгін менің балам кетсе, ертең басқа біреудің баласы кетеді ғой. Неге біздің балаларымыз өлуі керек бірінен соң бірі? Мынау не первая ситуация! Кілең осындай трансформатордың, кілең энергосетьтің халатный отношениесі ғой. Сонда қайда қарап отыр горсеть, қайда қарап отыр чс? Мынаның бәрін кеспей ме? Өздерінің кінәлары екенін біледі. Бірақ біреуі де келген жоқ алдыма. Бірақ кешірім ешкім сұраған жоқ. Көмек ешқандай ешкім берген жоқ. Ертең баламды соңғы сапарға шығарып тастап ісім осылармен болады!