$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Түркістан облысында күріш еккісі келген мақташылар тығырыққа тіреліп тұр

Түркістан облысында күріш еккісі келген мақташылар тығырыққа тіреліп тұр

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының кейбір шаруалары көктемгі дала жұмыстарын әлі бастай алмай отыр. Биыл күріш егеміз деп қамданғандар желтоқсан айында әкімдіктің мақұлдауын алып қойғандарын айтады. Алайда  суға жауаптылар «су берілмейді» деп үзілді кесілді келісім бермей отыр деп шағымдануда.

Мақтаарал ауданындағы Жайлыбаев ауылының шаруалары шарасыз. Күріш егетін жерін жыртып, ақ маржанға ыңғайлап қойған кезде мақта егіңдер деп жатқан көрінеді. Тоқтаусыз мақта еккен алқаптар әбден сорланып, құнары кетіп қалған дейді шаруалар.

МЫҢТӨРЕ ҚАУЫМБЕТОВ, ШАРУА:

Үш жылдан бері су береміз деп  күріш еге беріңдер деп уәде береді. Ол уәдесінен көктемде шықпайды. Мақтадан шығын боп жатыр. Шитін 250-280нен беріп жатыр. Ал қабылдайтын кезде 200-ден аспайды.


ЖҰМАҚҰЛ ЖАППАРБЕК, ШАРУА:

Мақта жер сорланып кеткен. Шаршаған жер. Себооборот болу керек жер. Ондай болмаған


Кезінде  гектарына 25-30 центнерден өнім берген жерлерді тынықтырудың бір амалы –күріш егу дейді байырғы аграном.

ТӘЖІБАЙ БЕКМҰРЗАЕВ, ШАРУА:


Күріш егейін десе су жеткізіп бере алмай жатыр. Күріш те, мынау күріш еккенде бұл да сор шаюдың бір әдісі бұл негізінде.


Ауданда күріш егетіндер жоқ емес. Бірақ шектеулі. Суға жауапты саланың өкілі күрішті алқапты көбейтуге жоғарыдан шектеу барын жеткізді.

ҚҰТТЫБАЙ СЫРБАСОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫ МАҚТААРАЛ ӨНДІРІСТІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Суды толық отводтың бойындағы бәріне күріш егілсе мен су жеткізіп бере алмаймын. Оны әлден айтып жатырмын. Мақта болса жеткізіп беремін.


Мақтаарал ауданы бойынша 60 мыңнан астам егістік жер бар. Негізінен мақталық пен бақша өнімдері егіледі. Ал күрішке қажетті суға шынтуайтында мүлдем лимит бөлінбеген дейді аудан өкілі. Сондықтан мақта егуге әлі де үлгереді деп отыр.  

БАЯЗИТ ӘЛІМҚҰЛОВ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір сұраса біз қысқы сор шаю - промывка дейді ғой, былайша айтқан кезде сорды жуып алуға су тауып бере аламыз. Қазіргі таңда достық каналында су бар. Кез-келген уақытта су ажыратып бере аламыз.


Сала жауаптылары шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп шыққандарын жеткізді. Қайткен күнде мақта егуге кеңес беріп отыр. Ал ол шығынды ақтайды ма, жоқ па, ол жағы әзірге  басы ашық мәселе күйінде қалып тұр.