$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қызылордада «Жер аманаты» жобасы шаруашылық жұмысын жандандыруға сеп болды

Қызылордада «Жер аманаты» жобасы шаруашылық жұмысын жандандыруға сеп болды

Қызылорда облысы Айдарлы ауылының тұрғыны Қожахмет Сүйіндіков бірнеше кәсіпті біріктіріп, ауылдың көркеюіне үлес қосуда. Ол алғашында 50 бас түлік алып,  ет-сүт өнімдерін ауыл халқына өткізіп бастаған. Қазір алқапты гүлдендіріп, 100 түп жеміс ағашын отырғызан. Мал азығын да алақандай жерден алып отыр. 5 гектар жерге жоңышқа еккен. Енді жем-шөп үшін алысқа шабылмайды. Ол аз десеңіз, қолдан көл жасап, балық шаруашылығының қыр-сырын меңгеруде.  Әмбебап шаруа алдағы уақытта қожалықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның бірнеше жылдан бері ойда жүрген мақсатын жүзеге асыруына «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы мүмкіндік берген. Жалпы аймақта соңғы 2 жылда 300 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал биыл заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделген.

ҚОЖАХМЕТ СҮЙІНДІКОВ, АЙДАРДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Егінмен айналысамын, мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға негізгі тиімді «AMANAT» партиясы үлкен ықпалын жасап отыр. «Шаруашылықты келешек  кең көлемде дамытып, елде жұмыссыз жүрген азаматтарды кең көлемде қамтысам деген ойым бар.