Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағасына ағаштар егіліп, Орталық Азиядағы ірі экобастама іске қосылды. Мұнда ондаған жыл ішінде 3 жарым миллион тал егу жоспарда бар. Осылайша, бұл өңір еліміздің экономикалық әрі климаттық ресурсына айналмақ. Оған қоса, 1500 гектар жер аумағында жасыл орман екпелері, фермерлік учаскелер мен экотуризм объектілері пайда болады. Әр гектар жыл сайын шамамен 26 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 30 жылдан кейін 1,2 миллион тонна шығарындыларға айналады. Егер осы көрсеткіш жүзеге асырылса, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын иеленіп, климат жөніндегі Париж келісімін және «Таза Қазақстан» акциясын орындауда ерекше рөл атқармақ. Алдағы уақытта жоба егіншілік пен экотуризмді дамытып, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жоба барлық кәсіпорындарға орманға инвестиция салуға және халықаралық стандарттарға сәйкес көміртегі бірліктерін сатуға жол ашады. Іс-шара бизнес пен ғылымның жұмысын өзара біріктіреді. Яғни, инвестициялық климатты жақсартудың катализаторы болады.