Алматыда “Aspan” саябағында жалпыұлттық экологиялық акция өтті. “Turaqty Jol 6.0” науқаны – еліміздің барлық өңірлерін қамтитын ауқымды бастама. “Таза Қазақстан” жобасы аясында ұйымдастырылып, табиғатты қорғауға бағытталған. Іс-шара барысында ағаштар егіліп, саябақ аумағы тазартылды. Экобастамаға 100-ден астам тұрғын атсалысты.Бұл – ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру бастамасы. Биылғы ерекшелігі – акцияның ел бойынша бір уақытта өтуі. 17 өңірде мыңдаған адам табиғатты қорғау ісіне жұмылды.
ПАКИЗАТ САЙЛАУБЕК, ЭКОЛОГ:
Мен эколог ретінде нақты айта алам. Осы Қазақстанға топ 3 экологиялық мәселе бар. Үшінші орында ол қалдық мәселесі, екінші орында таза судың жетіспеушілігі. Және бірінші орында ол ауа мәселесі. Сондықтан осы мәселеге әр тұрғын өз үлесін қосу үшін ең бірінші сол ағаш отырғызудан бастаймыз. Ағаштардың көбеюі және оның ауаны тазартуы барлықтарыңызға мәлім. Сондықтан бүгінгі келіп отырған 100 адам осы 100 ағашты отырғызуға келіп отыр.