$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Ұлттық ұлан сарбаздары жеңістің 80 жылдығына орай 80 санын бейнеледі

AstanaTV
02.05.2025ж. 20:00
162
Ұлттық ұлан сарбаздары жеңістің 80 жылдығына орай 80 санын бейнеледі

Ұлттық ұлан сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай 80 санын бейнеледі. Олар алдымен алаңда батылдық пен ерліктің символы — жұлдызды суреттеді. Содан соң әскери марш ырғағымен жұлдыз пішіні арқылы 80 санын көрсетті. Бұдан бөлек, әскерлер оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ұландықтар бұны Отан қорғаушылардың ұлы дәстүрін жалғастыру - деді.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

80 ұландық сарбаз бізге бейбіт күннің бағасын ұғындырды. Және 80 жыл бұрын адамзатқа жеңіс сыйлаған батырларды еске салды. Бұның бәрі жай ғана көрініс емес, бұл жеңімпаз ұрпаққа деген терең ризашылықтың көрінісі болды.