$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қызылжарлық еріктілер 10 мыңға жуық лентаны халыққа тарту етпек

02.05.2025ж. 20:00
75
Қызылжарлық еріктілер 10 мыңға жуық лентаны халыққа тарту етпек

Қызылжарлық еріктілер 10 мыңға жуық лентаны халыққа тарту етпек. “Жеңіс лентасы” атты акция жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Қала белсенділері игі шараны орталық алаңнан бастады. Бір аптаның ішінде олар шаһардың ірі кәсіпорындары мен сауда орталықтарын аралауды жоспарлауда. Айта кету керек, ерекше акцияға жергілікті билік мұрындық болды.

АРУЖАН ҚАЖЫҒАЛИЕВА, ЕРІКТІ:


Бұл біздің бірінші күніміз. Бұл науқанның мақсаты - біздің батырламызды еске алып, Қазақстандағы егемендік, тәуелсіздік, жеңісті көрсету.