$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Оралдық мүгедек қария Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жаяу жүріп өтпек

AstanaTV
02.05.2025ж. 20:00
95
Оралдық мүгедек қария Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жаяу жүріп өтпек

Орал қаласының 79 жастағы тұрғыны Құбайдолла Хасанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымды жаяу жүріп өтпек. Бала кезінде аттан жығылып мүгедек боп қалса да, спортты серік еткен қария осындай ерекше бастама көтеріп отыр. ІІІ топтың мүгедегі аяғының жарақатына қарамастан, күніне он шақырымнан жаяу жүруді жоспарлаған. Осылайша Жеңіс мерекесіне дейін 80 шақырымды бағындырмақ. Құбайдолла Хамзаұлы - мүгедектігі бар ардагерлер арасында парапауэрлифтингтен 2 дүркін Азия чемпионы. Денсаулығына қарамастан табандылық танытып, рухының мықтылығын дәлелдеген ағамыз жас буынға үлгі, дейді серіктері.

ҚҰБАЙДОЛЛА ХАСАНОВ, АРДАГЕР СПОРТШЫ:

Сағат тоғыздан бастап 11-ге дейін екі сағат 10 шақырым жүремін. Өзімді жақсы сезінемін. Тілейтінім - соғыс болмасын! Аспанымыз ашық болсын!


ЖАННА КАДЕНОВА, МЕДБИКЕ:

Таңертең үйінен бірге алып шығамыз денсаулығын тексеріп. Содан осы 10 километр жүреді күніне. Осы жерге жеткенше бірге жүреміз қалмай.


ӘСКЕРБЕК НҰРМҰХАНОВ, АРДАГЕР СПОРТШЫ:

Соғыста шейіт болып кеткен аталарымыз біздің мәңгі есімізде. Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран демекші, осындай бейбіт шерулер, осындай бейбіт марафондар, жаяу жүрістер мүгедектер арасында спорттың алға жылжуына үлкен серпін береді деп ойлаймын.