$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қостанай халқы Ұлы Отан соғысының даңқты батырларын біле ме?

02.05.2025ж. 20:00
112
Қостанай халқы Ұлы Отан соғысының даңқты батырларын біле ме?

Ұлы Отан соғысындағы ержүрек бабалардың есімі ел есінде. Сұрапыл соғыс жылдары  Қостанай өлкесінен  мыңдаған жауынгер отанын қорғауға аттанды. 32 мыңнан астам адам жарақаттанды. Жау қолына түсті. 8 мың адам хабар-ошарсыз кетті. Тобыл-Торғай өңірінен 30 Кеңес Одағының батыры шыққан. Екі мәрте батыр атағын алғандар бар.

БЛИЦ:

- Талғат Бигелдинов ең атақты ұшқышымыз.Сұлтан Баймағамбетов өзіміздің жерлесіміз.Ұшқыштар бар Леонид Беда деген.5 жыл бойы Қазақстан өнімді де, азық-түлікті де, киімді де бәрін сол соғыс үшін жіберді ғой.
- Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова әрбірі тұлға.Өйткені олар жас кезінде өз өмірлерін  ел үшін, жер үшін қиып соғысқа қатысқан болатын.Сондықтан да біздің жастарға солардың ерлігі, солардың жүрген жолдары біз үшін үлкен үлгі болады деп ойлаймын.
- Мен осындай ардагерлерді көргенде өте қатты мақтанамын.Және де осындай аталардың ұрпағы болғаныма қуанамын.