$516.16 €584.86 ₽6.25
×

«AMANAT» партиясы отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде

02.05.2025ж. 20:00
123
«AMANAT» партиясы отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде

Еліміздің үздік 100 болашақ сарбазы өзара мықтыны анықтау үшін Қарағанды облысында жиналды. 36/352 әскери бөлімінде "Қайсар" әскери сайысы жалауын желбіретті. 20 өңірдің үздік оқушы-жауынгерлердің басын "AMANAT" партиясы қосты. Тартысты бәсекеге Еркелді Тілеуқұл куә болды.

Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында жалауын желбіреткендіктен биылғы сайыстың ерекше екені айтпаса да түсінікті. 100 оқушының әскери өнерін тамашалау үшін 300 қонақ келді. Олардың ішінде Парламент депутаттары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері бар.  "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының бастамасымен осымен төртінші рет өтіп жатқан жобаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, бұл ерекше жоба қарулы күштер мен өзге күштік құрылымдарға кадр даярлап қана қоймай, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. 2022 жылдан бері 5000 жуық бала осы сайысқа қатысып, шыныққан.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Qaisar" әскери-патриоттық ойындарын тұрақты түрде өткізуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше тапсырған болатын. Бүгінгі "Qaisar" әскери-патриоттық ойындары да жай ғана спорттық шара емес, рухтың, тәртіптің, ұлтқа қызмет етудің алаңы, жарқын мысалы. Биылғы байқау халқымыз үшін маңызды тарихи мерекелердің қарсаңында өткізіліп отыр. Мұның да символдық мәні зор деп мен санаймын. Сондықтан баршаңызды алда келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!


Сайысқа 10-ы сынып оқушылары қатысады. Бір командада 3 ұл, 2 қыз. Бірақ қайсынан сұрасаңыз да, айтар арманы бір. Болашағын күштік құрылымдармен байланыстыру.

БЕГАСЫЛ БЕКЖАНЮ, ҚАТЫСУШЫ:

Негізі 9 класстан бастап осы жарыстарға қатысам НВП сабағынан. Осы дайындықты 1 ай бұрын бастадық. Осы "Айбынға" қатысамыз деп "Qaisar"-ға да кіріп кеттік. Сөйтіп осы Қарағандыға келіп тұрмыз.


АҚГҮЛ ӘДІЛБЕК, ҚАТЫСУШЫ:

Менің ойымша ол әскери өмір ол адамды бір патриотизмге баулиды. Яғни еліңе деген сүйіспеншілікке, махаббатқа баулиды. Өзіме былай ұнайды.


Сайыстың бірінші күні куиз зияткерлік ойынымен қорытындыланады. Екінші күні кросс, эстафета және мергендер сайысымен жалғасын таппақ.

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

АК-74 автоматын әскерге қабылданғандар 15 секундта шашып, 30 секундта жинауы керек. Алайда, бұл сайысқа келгендер ол нормативтерді 2 есе жылдам орындауда. Қазір шақырса, сол мезетте әскерге баруға әзірміз дейді оқушылар.