$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Ақтөбелік студент жасанды интеллект көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады

02.05.2025ж. 20:00
132
Ақтөбелік студент жасанды интеллект көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады

Ақтөбелік студент Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай ерекше сыйлық жасады. Ол жасанды интеллект көмегімен батыр қыздың өмірі мен ерлігін баяндайтын комикс шығарған.

19 жастағы Көркемай Елеусіз болашақ ІТ – маман.  Ол желіде көп таралған Әлия Молдағұлованың суретін алып, аниме манга стиліндегі комикс жасап шығарды. Ол үшін студент жасанды интеллекттің көмегіне жүгінген. Комиксте мерген арудың дүниеге келген сәтінен бастап, балалығы, есейген шағы, әскерге баруы, майдандағы ерлігі жіті баяндалған.

КӨРКЕМАЙ ЕЛЕУСІЗ, СТУДЕНТ:

 

Тарихи оқиғаларды,тарихи ақпараттарды қолдана отырып қай жылы дүниеге келді, кімнің яғни ол жетім қалып ағасының қолында тұрғаны, барлық ақпаратты нақтылап, жинап алып сценарий жаздым.


Жоба бастауыш сынып оқушыларына Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты жеткізуге арналған. Осылайша автор қазақтың батыр қызының тарихи тұлғасына деген қызығушылықты оятуды көздейді.

КӨРКЕМАЙ ЕЛЕУСІЗ, СТУДЕНТ:

Қазіргі  таңда жас оқушыларға үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға өте қиын. Өзімнің сүйікті аниме стилінде ақпаратты қабылдау өте қызықты және оңай деп ойлаймын. Комиксті қарасаңыздар мәтіндер өте қысқа түрде берілген. Сол себепті осындай танымдық материалдар қабылдауға өте оңай болады.


Қазір Көркемайдың комиксіне қала мектептерінен сұраныс түсіп жатыр. Болашақта студент өз туындысын бірнеше тілге де аудармақ.