Елордада “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесіне 7 мың қатысты. Оның 2 мыңға жуығы өзге – этнос өкілдері. Олар «Бейнелеу», Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», "Сөз шебері" және «Әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша өзара кіл мықтыны анықтады. Алғаш жалауын көтергеннен бастап білім бәйгесі мыңдаған талапты жастың шамшырағын жақты. Олимпиаданы өткізудегі басты мақсат - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқыныңмәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, дейді ұйымдастырушылар.
ДАРХАН ӨТЕ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл жерде біз ең көп мән беретін мәселе, өзге ұлттардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Сол тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып есептеледі.