$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Атырауда есірткі жасырып жүрген 17 жасар қызылордалық ұсталды

AstanaTV
02.05.2025ж. 22:28
132
Атырауда есірткі жасырып жүрген 17 жасар қызылордалық ұсталды

Атырауда Қызылорда облысынан келген 17 жасар жасөспірімнің есірткі жасырып жүргені анықталды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қызылордалық жасөспірім есірткі жасырумен айналысқан. 

– Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылорда облысының 17 жасар тұрғынын есірткіні заңсыз тасымалдау күдігімен ұстады. Күдіктіні тінту кезінде қара изолентпен оралған 25 түйіншек табылды. Түйіншектің әрқайсысына 1 грамм ақ түсті ұнтақ салынған. Сараптаманың қорытындысымен ақ түсті ұнтақтың «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі екені дәлелденді. Есірткінің жалпы салмағы – 24,7 грамм, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Сот шешімімен есірткіні заңсыз тасымалдаған жасөспірім тергеу изоляторына қамауға алынды. 

– Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.