$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Димаш Құдайберген тыңдармандарын қуантып қойды

AstanaTV
03.05.2025ж. 09:42
81
Димаш Құдайберген тыңдармандарын қуантып қойды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жаңа бейнебаян — «Тау ішінде». Премьера Алматыдағы фан-кездесуге дейін! 26 мамырда Almaty Arena-да осы әнді бәріміз бірге орындайық!», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Бейнебаян анонсынан елімізге танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова мен жұбайы Азат Сейітметовты көруге болады. Ал бейнебаянның басты рөлін олардың қыздары блогер Айым Сейтметова сомдап шыққан.