$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Астанада оқушы қызды автобус қағып кетті: тағы бір жолаушы жарақат алды

AstanaTV
03.05.2025ж. 10:20
147
Астанада оқушы қызды автобус қағып кетті: тағы бір жолаушы жарақат алды
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада жолаушылар автобусы жолдан өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Telegram-дағы Kris_p_astana арнасы.

Оқиға жол ережелеріне сай белгіленген өткелде болған. Алайда белгісіз себептермен автобус жүргізушісі уақытында тежегіш басып үлгермеген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала түрлі жарақат алып, дереу балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, автобустың салонда болған бір жолаушы да қатты тежеу кезінде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүріп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.