"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 мамырға арналған метеорологиялық жағдайлар туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болмақ. Алайда Астанада түнгі уақытта атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін табиғи жағдайлар жиынтығы. Оған тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия секілді факторлар жатады. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ауаның ластану деңгейіне ықпал ететін негізгі көрсеткіштердің қатарында желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты синоптикалық жағдайлар бар.