$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Көкшетауда әйел адам садақа толы қорапты ұрлап кетті

AstanaTV
03.05.2025ж. 12:23
157
Көкшетауда әйел адам садақа толы қорапты ұрлап кетті
Фото: freepik.com

Көкшетау қаласындағы дәріханалардың бірінде бейтаныс әйел мұқтаж жандарға арналған садақа салынған қорапты ұрлап кеткен. Бұл оқиғаға облыстық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның хабарлауынша, келтірілген шығын көлемі шамалы болса да, дәріхана өкілдері мен қайырымдылықты ұйымдастырушылар ұрлану фактісінің өзі ерекше наразылық тудыратынын атап өтті: игі мақсатқа арналған қаражатты ұрлау өте жағымсыз әрекет.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі «Ұсақ ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасының бейнежазбаларын зерттеп, оқиғаның куәгерлерінен сұхбат алды», - делінген хабарламада.

Жедел басқару орталығы инспекторларының көмегі арқасында күдіктінің тұрған жерін анықтауға мүмкіндік туды. Ол Красный ауылының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазір тәртіп сақшылары қылмыстың себептерін анықтап, әйелдің осыған ұқсас басқа да істерге қатысы бар-жоғын тексеруде.