$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Үндістандағы діни фестивальде алты адам қаза тапты

AstanaTV
03.05.2025ж. 17:40
192
Үндістандағы діни фестивальде алты адам қаза тапты
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды

Үндістанның Гоа штатында дәстүрлі Шри Лайрай Затра ((Shri Lairai Zatra)) фестивалінде 6 адам тапталып қаза тапты. Және 80-ге жуық адам жарақат алды.

Олардың бесеуі ауыр халде. Бұл туралы Аль-Джазира телеарнасы хабарлады. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға мыңдаған тұрғын ғибадатханаға апаратын аядай көшеге жиналған кезде болған. Тұрғындар тар жерге тығылысып, бірінің үстіне бірі құлаған. Штат басшысы марқұмдардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады. Айта кетейік, Үндістанда діни фестиваль кезінде жаппай тапталу оқиғасы жиі тіркеледі. Биыл қаңтар айында елдің солтүстігіндегі Кумбха Мела фестивалі кезінде 30-ға жуық адам қаза тапты.